Йемен зообағында арыстан екі жасар қыздың қолын тістеп алды. Оқиға бүлдіршіннің әкесінің көз алдында болды. Бұл туралы Gulf News басылымына сілтеме жасап “Jambyl-Taraz”ақпарат агенттігі хабарлайды.
Екі жасар қыз арыстан қамалған торға қолын созған. Жыртқыш сол сәтте қыздың қолын тістеп алған. Қыздың әкесі сол сәтті суретке түсіріп алмақ болғанда сұмдық жайттың куәсі болды.
Қызының қолын арыстанның аузынан көрген ер адам комаға түсіп қалды. Әкесі мен қызы ауруханада.
Құқық қорғаушылар оқиғаға зообақ әкімшілігі мен қыздың әкесін кінәлі деп таныды.