Арыста «Луна» бомбасы жайлы ақпарат таратқан әйел кешірім сұрады (ВИДЕО)

Арыс тұрғыны қаладан «шығарылмақшы» болған «Луна» бомбасы жайлы жалған ақпарат таратқаны үшін кешірім сұрады.

«Мен Арыс қаласының тұрғыны, Жақсылықова Роза Оспанхановна, 12-15 шілде аралығында WhatsApp желісі арқылы қаладан «Луна» бомбасы шығарылмақшы болып жатқандығы туралы жалған ақпарат тараттым. Мен бұл хабарламаны сурет қылып «Арыс қаласы» деген топқа жібердім. Жалған хабарлама таратқаным үшін кешірім сұраймын», – деді ол.

Еске сала кетейік, кеше Арыс қаласының депо қоймасында өрт болды.

sn.kz

Comments (0)
Add Comment