Қарттар үйі өртеніп, бір адам зардап шекті

  Павлодар облысы Ақсу қаласында қарттар үйі өртенді. Өртті сөндіру үшін 12 адам мен 4 техника жұмыс істеді,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, 23 қыркүйекте сағат 18.39-да Набережная көшесі, 27-үйде орналасқан Ақсу қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

«Екінші корпустың 5-қабатында №14 палатада 2 метр матрац бықсып, түтіндеген. Өрт сөндірушілер 60 адамды эвакуациялады. Автосаты қолданылды, – деді құтқарушылар.

Өрттен зардап шеккен 1937 жылы туған ер адам Ақсу қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.

Өрт 19 сағат 09 минутта сөндірілді. Өрттің шығуына төсекте темекі шеккені себеп болған.

Comments (0)
Add Comment