Атақты ақын Мұхтар Шахановтың «Алтын домбыра» іс-шарасына арнайы қатысқаны туралы видео кейбіреулердің ашуына тиді.
Жасы 80-нен асқан қарт ақынның аталмыш іс-шараға бара жатқаны, қатысқаны туралы видео кейбіреулердің ренішін оятса, енді біреулер осы кездесуді ұйымдастырғандарға ашуланды.
Біреу «Қарт кісіні бұлай әрі-бері тасып жүргендеріңіз дұрыс емес. Көрініп тұр ғой, атамыз шаршаған, қажыған. Біздің есімізде ол кісі намысшыл, ер, дүркіреп тұрған Шаханов болып қала берсінші, өтініш!
Қарт кісі әр нәрсе айтып қоюы мүмкін. Сосын соны әлеуметтік желіде жалаулатып, талқылап отырасыздар. Мына тірлік ұят қой. Жайына қалдырыңыздаршы. Қартайғанда үйде отырсын. Ол кісі қазаққа беру керектің бәрін беріп қойған! Тағы не керек сіздерге?» десе, енді біреу
«Мұхтар аға қартайыпты,
Шырайынан әр тайыпты
Еркінен тыс ентіктермей
Жүрсең етті бірқалыпты…
Дедектетіп алып келдің
Тосырқаған алдына елдің
Шақыр деді, шақырдың ба…
Тапсырманы қатырдың ба…» деп ренішін білдіруде.
Жұрт қартайған ақынды әр жерге сүйрелеуді доғару керегін айтуда.