Қариялар құрмет құшағында

Республика күніне орай бастау алған «Жанашыр жүрек» атты  акция аясында  Сарысу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен қалалық №1 қарттар мен мүгедектер үйінде салтанатты шара өтті.

Шарада сөз алған Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев қарияларға ізгі тілегін білдірді.

– Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, ізінен ерген жас буынға ақыл-кеңесін аямайтын қарттарымыздың орны ерекше. Халқымыз «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтпаған. Баршаңызға ұзақ өмір, зор денсаулық тілеймін, – деген Марат Қырғызәліұлы қарияларға азық-түлік себеттерін табыстады.

Салтанатты шара әрі қарай Сарысу аудандық өнер шеберлерінің  концерттік бағдарламасына ұласты.

Жұмаш Жолболды

Comments (0)
Add Comment