Аргентиналықтардың 43%-дан астамы Мессиді Президент етіп сайлауға дайын

Сауалнамаға қатысушылардың жартысына жуығы «ПСЖ» ойыншысы және ұлттық құрама футболшысы Лионель Месси Президент сайлауына қатысса, оған дауыс беруге дайын екенін айтқан деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

MSN хабарлағандай, Giacobbe & Asociados әлеуметтік сауалнамасына сәйкес, Катарда өткен 2022 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы болған 35 жастағы футболшыға респонденттердің 43,7% дауыс берді. Оның кандидатурасына 37,8% қарсы болған. Тағы 17,5% «мүмкін» опциясын таңдаған және респонденттердің тек 1%-ына жауап беру қиынға соқты. Сауалнамаға барлығы 2500 адам қатысты.

2022 жылғы әлем кубогының финалында аргентиналықтар Франция құрамасын жеңді. Матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Қосымша 30 минутта командалар бір реттен доп тепті, ал пенальти сериясында аргентиналық футболшылар — 4: 2 нәтижесін көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша, Месси ең үздік ойыншы болып танылды.

Comments (0)
Add Comment