Ардагерлер арасындағы байқау

Тараз қаласындағы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында «Арайлы алтын күз» атты мерекелік іс-шара өтті. Алтын күздің сұлулығын паш еткен байқауда қатысушылар «Ән тарту» «Ең үздік киім үлгісі», «Күзгі себет» бөлімдері бойынша өз өнерлерін ортаға салды.

Күздің көркем әуенімен үйлескен маусымдық шара қатысушылар үшін ғана емес, ардагерлер үшін де кішігірім мереке болды. Алғашқы бөлімде өнерпаздар күзгі әуендермен көпшіліктің көңілін баураса, «Ең үздік киім үлгісі» бөлімінде күздің әсем бояуын, табиғаттың үйлесімді сәнін түрлі-түсті көйлектер, костюмдер арқылы ерекше стильде көрсетіп, жиналғандарды тәнті етті.
Үшінші бөлімде қатысушылар жеміс-жидектер мен көкөністерден әзірленген себеттер ұсынып, күздің молшылығы мен берекесін көрсетті. Кеш барысында Орталықтың «Интрига», «Жетіген», «Өрлеу» би топтарының билері кешке ерекше көрік беріп, мерекелік шараның ажарын аша түсті. Шара соңында орталық директорының әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасары Баян Оразбекова қатысушыларға алғыс білдіріп, үздік өнер көрсеткен «Күз патшайымы» Назима Абдекованы, І орынды иеленген Розы Садықова, ІІ орынды олжаған Бермет Курманкулова, ІІІ орынға лайық деп танылған Зәуре Тойшыбековаға арнайы марапаттарды табыстады.

Салтанат Әлімқұлова,
«Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының қазақ тілі нұсқаушысы

Comments (0)
Add Comment