20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай ардагерлер арасында ұйымдастырылған спорттық жарыс жоғары деңгейде өтіп, сәтті аяқталды.
Жарысқа 100-ге жуық ардагер қатысып, өзара бақ сынады. Қатысушылар келесі спорт түрлері бойынша өнер көрсетті:
- асық ату
- ләңгі тебу
- тоғызқұмалақ
- шахмат
- дойбы
- үстел теннисі
Әрбір қатысушы белсенділік танытып, нағыз үлгі боларлық жігер мен рух көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Осындай тағылымы мол шараға қатысып, ұлттық спортты дәріптеген барлық ардагерлердің ісі көпке үлгі.