«Қарасу» каналы күл-қоқыстан тазартылды

«Қарасу» каналы күл-қоқыстан тазартылды

Тазалық – тәртіптің бастауы ғана емес, мәдениеттің де көрінісі. Әсіресе, каналдарды тазалау айрықша маңызға ие.

Бұл бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та, қала әкімі Бақытжан Орынбеков те нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Бұл жұмыстар қаланың шырайын ашып қана қоймай, су тасқыны қатерінің алдын алуға да септігін тигізетіні сөзсіз.
Биыл да каналдарды тазалауға айрықша ден қойылып отыр.

Айталық, Тараз қаласы әкімінің қаулысымен жарияланған екі айлық сенбілік аясында бүгін шаһардағы бөлімдер мен мекемелердің ұжымдары «Қарасу» каналын кұл-қоқыстан тазартып, игі шараға белсене атсалысты.

Comments (0)
Add Comment