Қарашада “Меркі-Бурылбайтал” жолы ашылады

1 қарашадан бастап “Меркі-Бурылбайтал” жолының барлық учаскесі ашылады,– деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Меркіден Буылбайталға дейін қалай жетуге болатынын хабарлады.
«Меркі ауылынан Шу қаласына дейін қозғалыс жаңа асфальтбетон – 51,5 шақырым бойынша іске асырылады, 38,9 шақырымы – қолданыстағы жол бойынша, 4,62 шақырымы – айналма жолдары арқылы» – делінген хабарламада.
Шу-Бурылбайтал учаскесіндегі қозғалыс жаңа асфальтбетон – 98,5 шақырым бойынша жүзеге асырылады, 26,1 шақырымы – қолданыстағы жол бойынша, 46,4 шақырымы – айналма жолдары арқылы.
Айта кетейік, биыл 1 қарашадан бастап “Меркі-Бурылбайтал” жобасының барлық учаскесінде қозғалыс ашу жоспарланып отыр.
Comments (0)
Add Comment