Аралдық кейуананың айтқанын бұлжытпай орындайтын тай елді сүйсінтті (ВИДЕО)

Қызылорда облысында тай адамның айтқанын бұлжытпай орындайды деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Бейнежазба авторының айтуынша, бұл Арал өңірінде түсірілген. Иесі жетектеп бара жатқан тайдың аты – Ақтабан. Ақылды түлік кейуананың бар айтқанын орындайды. Тіпті, қолынан қант алып, дауыс шығарады. Жылқының бұл қылығы жұртты сүйсінтті. Ал кейбір әлеуметтік желі қолданушылары мұндай құбылыс Аралдағы экологияның әсерінен деп топшылайды.

 

Comments (0)
Add Comment