Қарағанды қаласында ер адам тапаншамен ЖШС директорын атты,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі jasqazaq.kz сайтына сілтеме жасап.
Қарағанды қаласы полиция басқармасының Орталық полиция бөліміне сауда кәсіпорындарының бірінде жанжал шығып, қару қолданылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына патрульдік полиция полкінің жасағы шықты. Онда ЖШС-нің бірінің 30 жастағы директоры бір кісімен арада жанжал шыққанын айтты.
Ерегіс барысында қаскүнем «Оса» травматикалық тапаншасынан оқ атты. Оқ жарақатын алған ер адам медициналық көмекке жүгінді, бірақ ауруханаға жатқан жоқ. Полицейлер 29 жастағы ер адамды ізін суытпай ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындады. Травматикалық тапанша алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабымен («Қаруды заңсыз сақтау немесе ұстау») қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізілуде.