Майқұдықтан шыға берісте бес жеңіл көлік соқтығысты. Салдарынан бір адам зардап шекті, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Жаппай жол апатының кадрлары әлеуметтік желілерде таралып жатыр. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі Lada көлігінің 28 жастағы жүргізушісі жол апатына себепші болғанын растады.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші Карл Маркс көшесімен Майқұдық жағынан қалаға қарай бара жатып, қашықтық сақтамай, жолай келе жатқан Chevrolet-мен соқтығысқан. Chevrolet көлігінде 54 жастағы жүргізуші болған. Инерциямен Lada автокөлігі қарсы қозғалыс жолағына түсіп, тағы үш көлікпен соқтығысқан», – деп мәлімдеді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.
Жол апаты нәтижесінде Lada автокөлігінің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Барлық бес машина механикалық тұрғыдан зақымдалды. Бұл жайт полицияда тіркеліп, сараптамалар тағайындалды. Нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатыны белгілі болды.