Қарағандыда Сатыбалдина көшесінде аяқ киім жөндейтін шеберханадан өрт шығып, екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап .
Аяқ киім жөндейтін шеберханада өрт 10 қаңтарда түнде шыққан.«Өрт 4 шаршы метр аумақта болған. Өрт сөндірушілер келгенше шеберханадан әйел мен ер адамның мәйіті шығарылды», – деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Көз жұмған адамдар 1980 және 1981 жылғы. Олардың қалай көз жұмғаны және өрттің себебі анықталу үстінде.