Apple iPhone 12-де ақау барын мойындады

Біріккен Араб Әмірліктерінде сатылған iPhone 12 және iPhone 12 Pro смартфондарының дыбыс шығару жүйесінде ақау болған. Ақауы бар қанша iPhone сатылғаны белгісіз, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

AppleInsider мәліметінше, мұндай мәселе тек iPhone 12 және iPhone 12 Pro-да кездеседі.

«Apple iPhone 12 және iPhone 12 Pro құрылғылары қабылдағыш модуліндегі істен шығуы мүмкін құрамдас бөлікке байланысты дыбыста ақау болуы мүмкін екенін анықтады. Мұндай құрылғылар 2020 жылдың қазаны мен 2021 жылдың сәуірі аралығында жасалған», – делінген Apple компаниясының Khaleej Times хабарламасында.

Компания телефон дыбысында ақау анықталса, Apple компаниясы гаджетті ресми сервис орталығында тегін ауыстыруға немесе жөндеуге дайын екенін айтты.

«Егер iPhone 12 немесе iPhone 12 Pro телефонында қоңырау шалу немесе қабылдау кезінде дыбыс ақаулары болса, ол жөндеуге жарамды болуы мүмкін. Apple немесе Apple уәкілетті қызмет көрсету провайдері құрылғыларға тегін қызмет көрсетеді», – делінген Apple мәлімдемесінде.

Apple бұған дейін iPhone 13 үшін iPad өндірісін қысқартқанын хабарлаған болатын.

Comments (0)
Add Comment