Apple 8 мың теңге тұратын майлық жасап шығарды

Apple осы жылдың күзінде екінші гаджетінің тұсаукесерін өткізді. Мұнымен қатар компания 19 доллар тұратын (шамамен 8 мың теңге) брендті дисплей сүрткішін сатылымға шығарды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Аксессуардың жұмсақ, абразивті емес материалдан жасалғаны айтылады. Ол Pro Display XDR сияқты арнайы нано текстураны қолданса да, Apple құрылғыларының экранына зиян келтірмейтін көрінеді.

Арнайы сүрткіш ақ түсте ұсынылған, ал оның бұрышынан Apple логотипін көруге болады. Ресми сайттың мәліметінше, майлықты кез келген iPhone-дарда оның ішінде соңғы шыққан – iPhone 13 және iPad, Mac, Apple Watch және басқа да құрылғылардың барлық модельдерінде пайдалануға болады.

Қосымша құрылғы Apple сайтында сатылымға дайын тұр. АҚШ-тағы бастапқы бағасы 19 доллар (шамамен 8 мың теңге).

Apple компаниясы сонымен қатар презентация аясында AirPods сымсыз құлаққаптарының үшінші буынын назарға ұсынды.

Атап өтілгендей, құлаққаптардың дизайны AirPods-тың бірінші модификациясы енгізілген 2016 жылдан бері алғаш рет өзгерген. Олар алдыңғы буындағы AirPods-тарға қарағанда жеңіл әрі қысқа болған. Компанияның айтуынша, ойнатуды басқаруға арналған қысым сенсоры AirPods Pro-мен бірдей.

Сонымен қатар құрылғылар су мен терден қорғалған. Үшінші буын AirPods артық зарядсыз 6 сағатқа дейін жұмыс жасай алады (бұл алдыңғы буыннан бір сағатқа артық), ал зарядтағыш қорабымен – 30 сағатқа дейін. Компания мұнымен бірге 5 минуттық заряд 1 сағаттық жұмысқа жететініне сендірді.

Бұдан бөлек Apple диагоналы 14 және 16 дюйм болатын жаңартылған MacBook Pro-ны көрсетті. Экранда артық сызықтар жоқ, бірақ монитордың жоғарғы жағында веб-камераны орналастыру үшін арнайы орын бар. Дисплей 120 Гц жаңарту жиілігінде жұмыс жасайды.

MacBook Pro 10 ядролы M1 Pro және M1 Max процессорларымен жабдықталған, бұл өз кезегінде бір құрылғыға төрт сыртқы дисплейді қосуға мүмкіндік береді. Өндірушілер олардың есептеу қуаты бұрынғыға қарағанда 70 пайызға жоғары, ал графикалық қуаты екі есе жоғары екеніне сендіреді.

MacBook Pro сонымен қатар сенсорлық тақтаны алып тастаған және SD картасын оқу құрылғысы мен MagSafe магниттік зарядтау қосқышы үшін HDMI порттарын қосқан.

Айта кетейік, бұдан алдын қыркүйек айында Apple өз презентациясында iPhone 13 смартфондарының соңғы нұсқасы, i Watch Series 7 ақылды сағаттары мен жаңа iPad және басқа да гаджеттерді ұсынған.

Comments (0)
Add Comment