Аппарат басшысы редакция жұмысымен танысты

Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Мәди Мәтен «Jambyl-Taraz» газеті редакциясында болып, шаһар шамшырағының жұмысымен танысты. Басылымның бас редакторы Саятхан Сатылған- ов аппарат басшысына шығарма- шылық ұжымның тыныс-тіршілігі, атқарылып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспарлары жөнінде кеңінен әңгімеледі.

Өз сөзінде Саятхан Жапарұлы осыдан 27 жыл бұрын, яғни 1996 жылдың ақпанында алғашқы саны оқырман қауымға жол тартқан газеттің жетістіктері жөнінде баяндады. Сондай-ақ басылымның таралымы артып, бүгінде аптасына екі рет 10 мың данамен облыс көлемінде таратылып жатқанын, редакция жанынан SMM бөлімі құрылып, медиаконтент дайындау бағытында да жұмыс жүріп жатқанын жеткізді.
Мәди Мейірбекұлы өз кезегінде редакция ұжымының жұмысына жеміс тілеп, халыққа сапалы ақпарат тарату бағытындағы бастамаларға әркез қолдау көрсетілетінін айтты.
– Кешегі Алаш арысы Ахмет Байтұрсынов: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі», – деген екен. Осының өзі баспасөздің қаншалықты маңызға ие екенін айқын аңғартып тұр. Расында, газет редакциясы – шығармашылық-тың ордасы, қаламгерлердің құтханасы. Газет – тек бір адамның маңдай терімен емес, тұтас ұжымның атқарған қызметінің нәтижесі. Ширек ғасырдан астам тарихы бар басылым алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындырарына сенімім мол, – деген аппарат басшысы редакция-ны аралап көріп, жұмыс барысына жоғары бағасын берді.
Бұдан бөлек, Мәди Мейірбекұлы Тараз қалалық жастар ресурстық орта-лығы мен Тараз қаласы әкімдігінің медиа-орталығына да ат басын бұрып, жұмысымен танысты.

Құрбанәлі Шахабай

Comments (0)
Add Comment