«Қапал» каналы тазартылуда

Биыл Таразда каналдарды тазалау жұмыстары қарқын алуда. Солардың бірі – ұзындығы 10 шақырымды құрайтын «Қапал» каналын арнайы техникалар күл-қоқыстардан аршып, механикалық тазалаудан өткізуде.

Бүгінде қала аумағында 8 ирригациялық канал бар. Олардың жалпы ұзындығы – 82,55 шақырым. Ал, дренаж каналдарының саны – 2.

Ағымдағы жылы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен «Қапал», «Үшбұлақ», «Қарасу-1», «Қарасу-2», «Төрегелді» каналдарын механикалық тазалау жұмыстары басталуда. Сондай-ақ 15 жылдан астам уақыт іске қосылмаған «Сеңкібай» каналының арнасы қалпына келтіріліп, ағын су беру көзделіп отыр.

Жұмыстардың сапалы орындалуы Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің тікелей бақылауында.

Comments (0)
Add Comment