Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өткізеді, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол 51 келіге дейінгі салмақта төрт раундтық жекпе-жек өткізеді. Жақын арада Ангелинаның қарсыласы белгілі болады.
Лукасқа Instagram желісінде 555 мыңға жуық адам тіркелген және ол қазақстандық әйелдер арасындағы ең танымал боксшы.
Жақында Лукас жанжалға араласып, ұлттық құрамадағы жағдайдың нашар екенін айтып, командалас Назым Қызайбайды допинг қолданды деп айыптап, Қазақстан президентіне жүгінген болатын. Сондай-ақ, оның айтуынша, Бақтияр Артаев оны ұлттық құрамадан заңсыз шығарған. Қызайбай да өз ойын білдірді.
Еске салайық, бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде Данияр Елеусінов IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады. Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко да кезекті жекпе-жегін өтізеді. Сондай-ақ, осы бокс кеші аясында 20 жылдан бері алғаш рет 55,3 келі салмақта Қазақстан чемпионының белбеуі Ержан Залилов пен Ескендір Харсан арасында сарапқа салынады.
Дәурен Елеусінов әзірбайжан боксшысы Али Мамедовпен кездеседі. Қазақстандық алдына әлем чемпионы болу міндетін қойып отырғанын айтты. Ал бокс кешінің тағы бір қатысушысы Жанқош Тұраров, бұл оның кәсіпқой рингтегі 25-жекпе-жегі болмақ. Бокс кешінің билеттері жақын арада Интернетте сатылады.