Қанат Сейдгапбаров Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары болды

Қанат Сейдгапбаров Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kzАқордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Серікұлы Сейдгапбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.

Comments (0)
Add Comment