Қанат Мусин түрме жүйесін әділет министрлігіне қайтару туралы айтты

Әділет министрі Қанат Мусин қылмыстық-атқару жүйесін әділет министрлігінің құзырына қайтару туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.

Ол бұл істі қайтадан кері қайтару керектігін алға тартты.

«Мен қылмыстық-атқару жүйесін қайтарар едім. Өйткені адамды туралы тергеу жүргізгендер оны жазаға тартпауы керек. Менің ұстанымым осындай, бірақ өмір көрсетеді», – деді Қанат Мусин журналистермен кездесуінде.

Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі 2002 жылы Әділет министрлігінің құзырына берілгенімен, бірнеше жылдан кейін Ішкі істер министрлігіне қайтарылды. Қылмыстық атқару жүйесі әлі де Ішкі істер министрлігінің құзырында.

Comments (0)
Add Comment