Қанат Ислам кезекті жеңісіне қол жеткізді

Күні кеше әлем жұртшылығына «Қазақ» лақап атымен танымал кәсіпқой боксшы Қанат Ислам мен аргентиналық Хавьер Франсиско Масьельдің жекпе-жегі өтті.

АҚШ-тың Флорида штатындағы Плант-Ситиде өткен бокс кешінде отандасымыз 38 жастағы аргентиналықпен күш сынасты. Жалпы осы кездесуге дейін қазақ боксшысы 28 жекпе-жек өткізіп, оның 27-сінде жеңіске жетіп, біреуінде ғана жеңілген болса, Хавьер Масьель осымен 52-ші рет рингке көтерілген. 51 айқастың 34-інде жеңіп, 17-сінде жеңілген екен.

8 раундық жекпе-жектің екінші раундынан бастап Қанат Исламның басымдығын байқалды. Нәтижесінде ұпай санымен Қанат қарсыласынан басым түсті.

Дайындаған Жұматай КӨКСУБАЙҰЛЫ

Comments (0)
Add Comment