Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев Facebook-тегі парақшасында пәтуасыз уағыз айтатындарға қарсы екенін айтып, жазба жариялады.
“Әлеуметті желі арқылы кім көрінгеннің уағыз айтып, санаға селкеу түсіруіне тыйым салатын заң қаылдамаса болматындай жағдайға жеттіка-ау, сірә? Ойына келгенін айтып, ұлттық болмысымызды, дәстүрімізіді, тілімізді, өнерімізді аяқ асты етіп, қоғамды ірітушілер көбейе бастады ғой”, – деп жазды Қанат Айтбаев.
Өнер иесінің бұл сөзін желі қолданушылары да іліп әкетті.
“Тыйым салу керек. Болашағымызды улап, адастырып жатыр”, “Дұрыс айтасыз, сандырақтата бермеу керек”, “Бұл қазаққа іріткі салу, осылай қазақтың басын қоспау әрекеті”, “Халықты дүбәрә қылып бететін болды”, “Қазаннан қақпақ кеткелі өашан”, – деп жазды желідегілер.