Анасының туған күніне ақшамен оралған гүл шоғын сыйлаған жігіт елді тәнті етті

47 жасқа толған анасына ұлы ерекше сыйлық жасады. Анасы гүл шоғын сыйламауды сұраған екен. Яғни мұндай сыйлықтың көп ұзамай қурап, ақшаның желге ұшатынын айтқан, деп хабарлайды Экспресс К.

Туған күн иесінің бұл өтінішін есте сақтаған ұлы оған 47 дана раушан гүлін сыйлайды. Бір ерекшелігі, әрбір гүлге 20 және 10 теңгелік купюраларды ораған. Гүл шоғының видеосын ТікТок қолданушысы парақшасында жариялады.

47 жас, 47 дана раушан гүлі, 470 мың теңге. Анам гүл сыйламауды сұрады, себебі қурап қалады. Ал мына гүлдердің қурамайтыны белгілі — деп жазды видео авторы.

 

Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары қуаныш иесі үшін бұдан асқан құнды сыйлық жоқ екенін, өздері де осындайды алғысы келетінін алға тартты.

«Мәссаған, мен де осындай сыйлыққа риза болушы едім», «Міне, гүл шоғы деген осындай болуы керек», «Егер гүл сыйлағың келсе, тек осындай гүлдерді сыйға тарту керек», «Анаңа деген құрметің ғой, жарайсың», «Керемет», «Бізге де бұйырсын», «Ең мықты гүл шоғы», «Тамаша» деп жазды желі қолданушылары.

Comments (0)
Add Comment