«Анаммен бірге кітап оқимын» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Адамзатты тәрбиелеу өте ұзақ және күрделi процесс. Жеке бастың қалыптасуы, оның рухани жағынан дамуы бала кезден бастау алады. Жас шыбық иiлуге қандай икем болса, бала да тәрбиенi қабылдауға сондай бейiм. Отбасы тұлға қалыптастырушы бесік. “Азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе” – деп, ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған.

Қазіргі отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға ұмтылу, халықтың тәлімдік мұрасын сақтауға көңіл бөлу, туыстық, отбасылық қатынастарды бала кезінен қалыптастыру. Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады.
Бұл жобаның түпкі мақсаты да осы болатын. Мақсат толық орындалды децге негіз бар. Бүгінгі жиында бұған баршаның көзі анық жетті. Қаншама көңіл толқыныстары орын алды, қаншама жүрек тебіренді. Бірнеше ана мен бала қуанды, бірнеше қазақ отбасында жылулық орнады.
Енді байқау нәтижесіне келсек, екінші кезеңге жолдама алған 10 қатысушының 5-еуі «Зерделі» номинациясына ие болды. Жүлде қоры-20 мың теңгеден. Олар: Назым Құдайберген анасы Арайлым Жүзбаева,
Диас Болат анасы Зауыткүл Байменова, Лаура Мұрат анасы Мира Жүнісбекова, Ақжан Қалтай анасы Әзиза Өскенбаева, Ернұр Қамбар анасы Гүлбайра Телбаева. ІІІ дәрежелі дипломмен Мерей Тұрсынбек анасы Айзат Көшкінбаева, Дина Маербек анасы Жанат Түменова марапатталса /жүлде қоры-75000теңгеден/, ІІ дәрежелі диплом Кәусар Қайыр мен анасы Гүлмира Ахмағамбетоваға және Аружан Байрақым мен апасы Сәуле Мұхамедрахымқызына /жүлде қоры-100000 теңгеден/ бұйырды. Топтан дара шыққан жұп Бекасыл Есіркеп пен анасы Эльмира Есіркепова /жүлде қоры-150000 т/ бас бәйгені қанжығаларына байлады. Сондай-ақ, байқаудың ең кішкентай қатысушысы Айханым Қайрат пен анасы Үміт Анарбаева арнайы жүлдеге лайық деп танылды.
Барлық жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!

Comments (0)
Add Comment