Аналарға құрмет азаймайды

Өздеріңізге белгілі, егемендік жылдары демографиялық саясатқа ерекше екпін түсіріліп, барынша назар аударылды. Соның арқасында халық саны бүгінде 20 миллионға жетіп, демографиялық дамуға қол жеткізіп келеміз.

Бүгінде Тараз қаласының тұрғындарының саны да артып, 430 мыңға жуықтады. Ана мен баланы қорғау мақсатында да көптеген істер қолға алынып, жарқын жобалар жемісін беруде. Мұның барлығы біздің елімізде әйел адамзатының орны биік екенін айғақтайды.

Елімізде көпбалалы аналарға қолдау қашанда аз болған емес. Соның жарқын көрінісі – бүгін Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен берілген 27 көпбалалы анаға «Алтын алқа», 60 алтын құрсақты анаға «Күміс алқа» алқаларын табыстадым.

Жалпы Тараз қаласы бойынша 2010-2023 жылдар аралығында 2 753 көпбалалы ана «Алтын алқа» және 2 516 ана «Күміс алқа» алқаларымен марапатталды. Ал былтыр 42 көпбалалы анаға «Алтын алқа», 166 анаға «Күміс алқа» табысталды.

Асыл аналарымызды бүгінгі марапаттарымен шын жүректен құттықтай отырып, барлығына ұзақ та мәнді ғұмыр тілеймін.

Жаңа жыл жақсылығымен жетсін!

Бақытжан Орынбеков, Тараз қаласының әкімі

Comments (0)
Add Comment