Америкада қазақ музыканты қайтыс болды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews сайтына сілтеме жасап.
АҚШ-та скутер қағып кеткен қазақ қызы қайтыс болды. Қайғылы жағдай туралы Күләш Байсейітова атындағы мектептің әкімшілігі хабарлады.
Мөлдір Жолтай – осы мектептің түлегі. Ол кәсіби музыканттарды дайындайтын дарынды балаларға арналған мектепті 2012 жылы бітірген.
«2012 жылғы бетке ұстар түлегіміз Мөлдір Жолтай жазатайым оқиғадан жан тәсілім етті. Дарынды жан, өмірге құштар, әлі де талай шығармашылық жетістіктерімен елді қуантады деген үмітіміз зор еді. Әттең, жазмыштан озмыш жоқ. Мектеп ұжымы атынан жақын туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл білдіреміз»,- делінген хабарламада.
28 жастағы қызды скутер қағып кеткен. Еліміздің СІМ қайғылы жағдайдың орын алғанын растады.