Аманаттықтар мен ассамблея мүшелері қан тапсырды

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы мен Қазақстан Халқы Ассамблеясымен бірлесіп «Донор бол – өмір сыйла!» атты акциясын ұйымдастырды.

Бұл шараны Қазақстан Халқы Ассамблеясымен бірлесіп өткізілуі бекер емес. Себебі, ағымдағы жылдың 29 мамырында «AMANAT» партиясы  Қазақстан халқы Ассамблеясымен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Мұндағы мақсат – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, ынтымақтастық пен өзара іс-қимылын белгілеу болып табылады. Бүгінгі шара да осы мақсатта ұйымдастырылды.

– 14 маусым – Дүниежүзілік Донорлар күні. 2005 жылдан бастап дәл осы күні әлемнің барлық елдерінде Дүниежүзілік Донор күні атап өтіледі. Атаулы күннің басты мақсаты – медициналық ұйымдарды донорлық қанмен қамтамасыз ету мәселесіне қоғам назарын аудару, сондай-ақ қан донорларын құттықтау. Сондықтан «AMANAT» партиясының бастамасымен аталған акцияны ұйымдастырып, қан құю саласында ізгілікті іс жасап жүрген донорларға құрметтерін жеткізді. Айта кетейік, партиясы Жамбыл облыстық филиалының қызметкерлерінің арасында да донорлар бар. Біз үнемі әріптестерімізбен қан тапсырып отырамыз, – дейді  «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов.

Бүгінгі күні Жамбыл облыстық қан орталығының жобалық қуаты жылына 15,0 мың литрге дейін қан мен оның компоненттерін дайындауға арналған. Бүгінде республика бойынша қан қызметін 19 ұйым жүзеге асырады, оның ішінде 2 республикалық бағытта – Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы, Республикалық қан орталығы, 15 облыстық қан орталығы және 2 қалалық қан орталығы.

Донор болу – үлкен жүректі, мейірбан көңілді қажет ететін жоғарғы қасиет. Өзгенің өмірі үшін күресу ісі барлық ізгіліктің басында тұрған абзал қасиет. Сондықтан өзге адамға екінші өмір сыйлап жүрген донорларды құрметтеуіміз қажет.

 

Comments (0)
Add Comment