Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев партияның кезектен тыс съезінде айтты деп жазды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
«Дамудың жаңа кезеңінде партияға жаңа тұғырнама қажет. Негізгі құндылықтарымыз өзгермеуі тиіс. Орталық аппаратқа жұмыс тобын құрып, партияның жаңа тұғырнамасын әзірлеуді тапсырамын. Оны партия ішінде мұқият талқылап, келесі съезде бекітеміз», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.