Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығының» ғимаратында «Сұңқар» және «Темірқазық» волонтерлік қозғалысына арнайы кабинет бөлінген. Қазіргі таңда ғимаратта жастарға арналған коворкинг орталығы, тегін дыбыс жазу студиясы, «Qorgau» жобасы аясында тегін заңгерлік кеңес беру кабинеті жұмыс жасап, күнделікті 100-ден аса жас пен волонтер қамтылуда.
Тараз қаласында Волонтерлер жылын өткізу жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыс жүргізілуде.
Сондай-ақ коронавирус індетінің алдын алу шаралары бойынша бетперделер мен ақпараттық қағаздарын таратып, «Сөзден ؘ– іске» жобасы аясында «Шебер қол» іс-шарасы бойынша волонтерлер әр аптаның жұма күндері ҰОС ардагерлері мен жалғызілікті қарттарға, жағдайы төмен отбасыларға тұрмыстық көмек көрсетуде.
Ресурстық орталыққа қарасты «Темірқазық» волонтерлер қозғалысы Волонтерлер жылын өткізу жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарының 7 бағыты бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда волонтерлермен атқарған шара саны 150-ді құрап отыр. Төтенше жағдайға байланысты «Темірқазық» волонтерлер қозғалысының еріктілері коронавирус індетінің алдын алу шаралары бойынша тұрғындарға 17 000-нан аса бетперде, 23 000-нан астам ақпараттық таратпа қағазын тарату, жалғызілікті қарттарға ыстық тамақ жеткізу жұмыстарына белсене атсалысты.
Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап жыл соңына дейін «Сөзден – іске» жобасы аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету мақсатында волонтерлердің қатысуымен «Шебер қол» жобасы іске асырылуда. Аталған жоба аясында волонтерлер 13 ардагердің үйіне тұрмыстық көмек көрсетті.
Қала шырайын әрлендіру, оны үздік экологиялық таза аймаққа айналдыру, қаламыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосу мақсатында волонтерлер тұрақты түрде сенбілік өткізуде. Бүгінгі таңда өткізілген сенбілік саны 13-ті құрап отыр.
Одан бөлек, ағымдағы жылдың тамызында Тараз қаласы әкімдігінің қолдауы мен жамбылдық кәсіпкерлердің атынан әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеті үлестірілді. Айта кететін болсақ, мұсылмандар мерекесінің қарсаңында басталған акцияда қазіргі уақытқа дейін 1000-нан астам отбасыға азық-түлік пакеттері берілді.
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай қаладағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйінде әскери бөлімшелердің шеруі ұйымдастырылып, волонтерлер үй шаруашылықтарына көмек көрсетті. Сонымен қатар аталған бағытта «Мен батырдың ұрпағымын!», «Бейбіт күн үшін алғыс!», «Ардагерлерді ардақтайық!», «Ардагерлерге көмек» және «Үлкенге құрмет» атты акцияларын өткізді.
Ұлана СЛАМБЕКОВА,
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы