Алып қашудың құрбаны болған қыздың жанайқайы елді дүрліктірді (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерде алып қашудың құрбаны болған қыздың жан дауысы шығып, жанұшыра айқайлап жатқан видеосы елдің жағасын ұстатты, деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бейнежазбадан қыздың қарсылық танытып, «Көмектесіңдер, мен әлі кішкентаймын ғой» деп айқайлап, елден көмек сұрап жатқанын көруге болады. Алайда қызға көмек көрсетуге ешкімнің батылы бармаған.

Желі қолданушыларының айтуынша, қыз алып қашу оқиғасы Жамбыл облысындағы Шу қаласында болған. Видео қаланың темір жол вокзалында түсірілген.

Comments (0)
Add Comment