Ғалымдар адамның көз жасы арқылы ауруды анықтай алатын болды

Қытайлық химиктер адамның көз жасынан ақуыз молекулаларының жинағын шығаратын наномембраналарды ойлап тапты. Мұны өз кезегінде қант диабетін, құрғақ көз синдромын және басқа ауруларды анықтау үшін қолдануға болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аталған зерттеу ACS Nano ғылыми журналының мақаласында айтылыпты. Көз жастың құрамында болатын тұздан, антиденелерден және басқа қосылыстардан ақуыз компоненттері мен қысқа РНҚ молекулаларын бөлу үшін наномембраналар қолданылады.

Наномембраналар арқылы адам бойында ауру бар-жоғын анықтауға болады.

Зерттеуде болашақта ауруды осылай анықтау емханаларда немесе үйде мүмкін болады делінген.

Comments (0)
Add Comment