Ғалымдар адамдардың неше жаста бақытқа жететінін анықтады

Америка психологиялық қауымдастығының зерттеушілері 460 902 адамға талдау жасады. Адам жастық шағында да, есейген шағында да ең жоғары бақытқа жете алмайды екен. Тек 70 жаста ғана адамдардың көпшілігі өз өмірлеріне қанағаттанады.

Ғалымдар әртүрлі жас топтарын зерттеп, олардың жас ерекшелігін саралап, сезімдерін зерттеген. Адамның өзін бақытсыз сезіну кезеңі жасөспірімдік шақта (9-16 жас) байқалатынын айтты. Сонда бақыттың деңгейі бірте-бірте артып, 70 жаста максимумға жетеді. 96 жасқа дейін адам өз өміріне риза екенін сезінеді.

Зерттеушілер бақыт деңгейін 3 шарт бойынша анықтаған.

Ғалымдар адамдардың өмірге қанағаттану, жағымды эмоционалдық күйлер және жағымсыз эмоционалдық күйлеріне зер салған.

Психологтардың пікірінше, адамның өз өміріне теріс көзқарасы орта жастағы адамдар үшін қалыпты жағдай. Толық бақытты сезіну үшін тек 70 жасқа дейін аман жету керек.

bugin.kz

Comments (0)
Add Comment