М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Өнер және спорт» факультеті «Музыка және қолданбалы өнер» кафедрасының аға оқытушысы Алуа Болатқызы «Үздік педагог-2021» төсбелгісінің иегері атанды.
«І Халықаралық кітап басылымы» «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» Ассоциациясы ұйымдастырған байқауда Алуа қаракөзіміз жүзден жүйрік шығып отыр. ТМД мемлекеттері ғылым-білім мекемелері жас ғалымдардың арасында ұйымдастырылған байқаудың салмағы жоғары болғанын айта кеткен жөн. Міне, осындай дүлдүлдердің арасынан дара шыққан Алуаны толайым табысымен құттықтаймыз! Жарайсың, Алуа!
Құрбанәлі ШАХАБАЙ