Ол Алтын Орда базары маңында жолдан өтіп бара жатқан,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқыс оқиға кеше сағат 18:50 шамасында болған.Volkswagen Passat маркалы автокөліктің Ш. есімді жүргізушісі Ташкент-Алматы тасжолының бойымен шығыс бағытта келе жатып, Нұрлы көшесімен қиылыста А. есімді азаматты қағып кеткен. Ол оңтүстік бағытта белгіленбеген жермен өтіп бара жатқан.
Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов: «Жарақат алған 1944 жылғы азамат оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді.