Алматының бір ауданында екі түн суық су болмайды

Түрксіб ауданындағы бірқатар үйлерде екі түн суық су болмайды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Алматы су» МКК мәліметінше, 8 ақпан күні сағат 22:00-ден 9 ақпан күні сағат 06:00-ге дейін Великолукская – Жансүгіров – Сокольский – Палладин – Егоров көшелерінің контурында суық су болмайды.

Сонымен қатар, 9 ақпан күні сағат 22:00-ден 10 ақпан күні сағат 06:00-ге дейін Жансүгіров – Сокольский – Палладин – Запорожская көшелерінің бойында орналасқан тұрғын үйлер суық судан ажыратылады.

Жаңа су құбырын қолданыстағы сумен жабдықтау жүйесіне қосу үшін суық су қызметіне уақытша шектеулер енгізілген.

Анықтама телефоны: 274-66-66

Comments (0)
Add Comment