Алматылық әйел 12-қабаттан секіріп кетті

Алматыда әйел 12-қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматыда суицид жасағаны туралы хабарлама тарады. Хабарламада Ақсай шағын ауданындағы көпқабатты үйдің 12-ші қабатынан қыз секіріп кеткені айтылған.

Алматы полициясы оқиға туралы ақпаратты растады. Бұл деректі Әуезов аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 105-бабы «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бойынша тіркеген.

Comments (0)
Add Comment