Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып бара жатқан ұшақтың қос қозғалтқышына құстар кіріп кеткен деп хабарлады turkystan.kz Air Astana компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әуе компаниясының мәліметінше, ұшақ қонуға бет алған кезде қос қозғалтқышқа құстар түскен. Airbus A320 әуе кемесі тамыздың 28-інен 29-ына қараған түні КС955 «Алматы – Нұр-Сұлтан» рейсін орындап келе жатқан.
«Қону штатты режимде өтті. Ұшу аяқталғаннан кейін тексеретін инспекция қозғалтқышқа құстардың кіргенін растады», – делінген авиакомпания мәліметінде.