Алматыда өзін еркек деп таныстырған бойжеткен халықты алдап кетті

ҚР ҚК-нің 190 бабы 3 бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен 1997 жылы туған Б есімді азаматша тұтқындалды, деп хабарлады “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Тергеу барысында, ерлер киімін киген бойжеткен өзін «Асан» деп таныстырып, азаматтардың сеніміне кіргені анықталды. Ол жоғары оқу орындарына түсуге грант алуға және қолжетімді баспананы рәсімдеуге көмектесуге уәде беріп, жұрттан төлем алып отырған. Сыйақы мөлшері көрсетілген «қызметке» байланысты болды, орташа есеппен 90-нан 800 мың теңгеге дейін. Қазіргі уақытта біздің бөлімшеге 11 өтініш келіп түсті. Күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», – дейді Алатау аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ілияс Өмірсеріков.
Ақшаны алғаннан кейін күдікті жасырынған. Ол бұған дейін заң бұзбаған.
Comments (0)
Add Comment