Алматыда жолдан өтіп бара жатқан бойжеткенді көлік қағып кетті

Оқиға қаланың Жандосов пен Байзақов көшелерінің қиылысында болған. Қыз бала жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Алматы қалалық ПД мәлімдеді.

«Mitsubishi Lancer» көлігін тізгіндеген жүргізуші Жандосов көшесінің бойымен келе жатқан. Сөйтіп жаяу жүргіншілер жолымен өткен 24 жастағы қызды қағып кетті,

— деп мәлімдеді қалалық ПД.

Жәбірленуші дереу ауруханаға жеткізілді.

«Аталған дерек Бостандық ауданының Полиция басқармасында қаралып жатыр», — деді қалалық ПД Анықтау басқармасының басшысы, подполковник Олжас Шәріпов.

Comments (0)
Add Comment