Алматыда жол апатынан бір адам қайтыс болды

Алматыда жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, бір адам мерт болды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

«Toyota Avensis автокөлігінің жүргізушісі оңтүстік бағытта келе жатып Мөңке би көшесінде қарсы жолаққа шығып кетіп, «Mercedes Benz 815» көлігімен соқтығысты. Салдарынан Toyota Avensis көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», – деді Алматы қаласы ПД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Comments (0)
Add Comment