Алматыда жоғалып кеткен 14 жастағы оқушы қыз басқа қаладан табылды

Алматыда жоғалып кеткен 14 жастағы мектеп оқушысы Алматы облысынан табылды. Зоя Юркова Есік қаласынан табылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«18 қыркүйек сағат 02.23-те “Көшбасшылар”еріктілер тобы іздеуді тоқтатып, Алматыға барады. Қызды Еңбекшіқазақ ауданының полиция қызметкерлері Есік қаласынан тапқан екен. Аман-есен, дені сау, ата-анасына табысталады, енді ол өзі тұратын Қарасай ауданына үйіне жеткізілетін болады”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, еріктілер тобы іздеуге қатысқан, ақпарат таратқандардың барлығына алғысын білдірді.

 

Comments (0)
Add Comment