Алматыда жаз басында қызметтік көлігімен абайсызда адам қағып, мерт қылған полицейді сот екі жарым жылға бас бостандығынан айырды. Оған қоса, тағы 5 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырды, деп хабарлайды» Jambyl-Taraz » ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Сонымен қатар, сотталушы есебінен 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни 29 170 теңге көлеміндегі қаражат жәбірленушілер қорына мәжбүрлі түрде өндіруді міндеттеді. Бұрынғы полицей енді жазасын қауіпсіздігі барынша төмен колонияда өтейтін болады.
Соның кесірінен, көлік жуу бекетінде тұрған 50 жастағы әйелді қағып, Газель маркілі автокөлікке соғылған. Ауыр соққы салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмады. Марқұм сол бекетте еден жуушы болып жұмыс істеген екен. Апатқа кінәлі полицей көз жұмған әйелдің туыстарынан оқиға абайсызда болды деп, кешірім сұраған еді.
«Сол жерде әйел адамды қағып кеттім, байқаусызда. Кінәмді толық мойындаймын. Сол кісілердің отбасына шын көңілден қайғырып көңіл айтамын. Өз кінәмді толықтай мойындаймын», – деген жол патрульдік полициясының бұрынғы қызметкері Бақтияр Төлетай.