Алматыда бір азамат қымбат көлігін қаңтарып қойып, жол ортасында намаз оқып тұр, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бейнежазбаға қатысты Алматы қалалық ПД бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов жауап берді. Бұл ретте ол намазхан жігіттің жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылар-тартылмасын айтпай, кез келген жерде ғибадат жасауға хақылы екенін құптайтынын аңғартқандай.
«Ғибадат – жақсы, бірақ бұл әркімнің жеке ісі және біздің дінімізде басқаларға қысым жасамау өте маңызды. Ол басқаларға кедергі келтірмеуі және қолайсыздық тудырмауы керек. Барлығына амандық пен жақсылық!» деп жазды Рустам Әбдірахманов.