Алматының әкімшілік Полиция басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту және қауіпсіз жол инфрақұрылымын құру бойынша осы жылға арналған жоспарын бөлісті, деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Жоспар бойынша:
- жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесімен 30 бағдаршамның құрылысын аяқтау;
- 70 реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын аяқтау;
- реттеудің қосымша құралдарымен 70 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын аяқтау;
- 70 көшеге 200 мың шаршы метр жол таңбалау сызығын салу;
- 3 843 дана жол белгісін орнату және қалпына келтіру;
- апатты-қауіпті аймақтарда 5 мың метрден астам жол қоршауын орнату;
- арнайы бағандар орнату – 2 мың дана;
- веложолақтармен (веложолдармен), велосипед бағдаршамдарымен 65 бағдаршамды толық жабдықтау.