Алматыда Украина халқын қолдау мақсатында митинг өтеді – БАҚ

Жексенбі, 6 наурыз күні сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін Алматыда «Украин халқын қолдау. Украинадағы соғысты тоқтату» тақырыбындағы рұқсат етілген митинг өтеді деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі masa.media.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайттың мәліметінше, ұйымдастырушылар митингті Шоқан Уәлиханов атындағы саябақта өткізгісі келген, бірақ қала әкімдігі аталмыш саябақта жоспардан тыс жөндеу жұмыстарына орай, «Сары-Арқа» кинотеатрының артындағы алаңда бейбіт митинг өткізуге рұқсат берген.

Comments (0)
Add Comment