Алматы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «сары» аймаққа өткендіктен, санитарлық шаралар күшейтіледі деп хабарлады turkystan.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
COVID-19 ауруының өсуіне байланысты қосымша шаралар қабылдау туралы шешім қабылданды:
– науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтан жұмыс жасау түріне ауыстыру;
– вакцинациялануға абсолюттік қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс жасауға ауыстыру;
– жабық мекемелерде, қоғамдық көліктерде маска тағу ұсынылады.
«Әзірге бетпердені тағу ұсыныстық сипатқа ие», – делінген әкімдік хабарламасында.