Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, 49 жастағы жүргізушісі қаза тапты. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Таугүл-1 шағын ауданында болған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Құрылыс нысаны Таугүл-1 шағын ауданында орналасқан. Төтенше жағдайдан кейін бірнеше минуттан соң оқиға орнына полицейлер мен дәрігерлер келген.
Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға салдарынан 49 жастағы кран жүргізушісі қаза тапқан.
Алматыда жел жоқ, жылдамдығы бар болғаны 0,83 м/с.
«Алматыда «Мирас констракшн» ЖШС мердігер компаниясы «Star Rent» ЖК-нен кран жүргізушісімен бірге мұнаралы кранды жалға алған. Нәтижесінде 1973 жылы туған кран жүргізушісі ауыр жарақат алды. Ол жедел жәрдем көлігі келгенше мерт болған», – деп хабарлады әкімдіктегілер.
Кран құлауының себебі – конструкциядағы ақау. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.