Алматыда мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды (видео)

Алматыдағы мешіттердің бірінде намазға келген азаматтың ұялы телефонын үптеп кеткен ұры ұсталды. Оның әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Экспресс К.

Polisia.kz медиа-порталының жазуынша, тұрақты жері және жұмысы жоқ 42 жастағы азамат намаз уақытын пайдаланып, жәбірленушінің ұялы телефонын ұрлап кеткен.

 

Бейнебақылау камерасына түсіп қалған оны полицейлер сол күні-ақ ұстады. Күдіктінің үстінен ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Comments (0)
Add Comment