Алматыда мейрамхана өртенді

Алматыда мейрамхана өртеніп, оқиға орнынан 20 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Экспресс К.

7 қараша күні сағат 18:45-те Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері Медеу ауданына шықты. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бес қабатты әкімшілік ғимаратының шатыры ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады,

— делінген хабарламада.

Хабарланғандай, Төле би, 24 В көшесінде ғимарат өртеніп кеткен. Өртті сөндіру барысында 20 келуші эвакуацияланған.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт 11 минут ішінде ауыздықталған.

Comments (0)
Add Comment